Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2015 жылғы 30 қарашадағы № 20-НҚ нормативтік қаулысы
(2023.14.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 2023.24.02. № 8-НҚ нормативтік қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 14 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Есеп комитетінің Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің Интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Төраға | Қ. Жаңбыршин |
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018.22.06. № 14-НҚ нормативтік қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 20 НҚ нормативтік қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 2023.24.02. № 8-НҚ нормативтік қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 14 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)